Бұрынғы күйеуінің ұрып-соққанынан шаршаған астаналық келіншек көмек сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

“Аталған факті бойынша құқықбұзушылық анықталып, Алматы ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Бұған дейін қала тұрғыны жүгініп, жанжал шығарып, оны қудалап жатқан бұрынғы жұбайына қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірген болатын. Полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғады”, – деді Астана ПД ресми өкілі Гүлмира Шырахметова.

Батылы жетіп басындағы қайғысын шырылдан айтқан 31 жастағы Таңшолпан Керімова БАҚ арқылы өзін бұрынғы күйеуінен арашалап беруді өтініп сұрайды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!