Нижневартовск қалалық емханасының бөлім меңгерушісі Роза Шайдуллина коронавирусты шошқа тұмауынан ажырату белгілерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі URA.RU порталына сілтеме жасап.

Маман шошқа тұмауы ауруы дене қызуы, құрғақ жөтелмен сипатталатынын, ал иістің болмауы, ентігу, тамақ ауруы және мұрынның бітелуі коронавирустық инфекцияны жұқтыру ықтималдығында болатынын айтты. 

«Шошқа тұмауы H1N1, жалпы тұмау сияқты, айқын интоксикация синдромымен сипатталады. Дененің ауыруы, жоғары температура шамамен 39 градусқа жетіп, құрғақ жөтел жиі болады. Ал ковид кезінде температура әдетте субфебрильді (нормадан 1-1,5 градусқа асады). Мұнда жиі ентігу, иістің болмауы, тамақ ауруы және мұрынның бітелуі, сондай-ақ қақырықты жөтел пайда болады», – деп атап өтті Шайдуллина.

Тұмаудың ару кезеңі өте қысқа – екі күннен төрт күнге дейін созылады. Ал ковид орта есеппен бір аптадан екі аптаға дейін дамиды.

«Сонымен қатар, аурудың асимптоматикалық ағымы коронавирустық инфекцияға тән. Тұмауда ондай болмайды», – деп қосты дәрігер

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!