Партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Онда «Ауыл – Ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобаларын өңірде сапалы жүзеге асыру мақсатында Жол картасын әзірлеу сонымен қатар, комиссиясының ағымдағы жылдың ІІ-ші жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.

Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Фарида Аббасова «Ауыл – Ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобаларының облыста орындалысы жайлы хабарлама жасап комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Басқарма басшысының айтуынша 2022 жылға «Ауыл –Ел бесігі» жобасы бойынша Қызылорда облысының 25 елді мекенінде 32 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 5,8 млрд. теңге қаралды. Олардың ішінде 4 мектептің қазандықтарын газды отынға ауыстыруға, 5 денешынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға, 3 ауылдық елді мекенде жаңадан клуб құрылысы жүргізу секілді жұмыстар қамтылған.

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында да нәтижелі жұмыстар қолға алынған. 2009 жылдан бастап ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында жүзеге асып келеді. Мәселен, 2020 жылы бағдарлама аясында 652 маманға көтерме жәрдемақы және 526 маманға жеңілдетілген тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілсе, 2021 жыл ішінде 608 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы 457 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілген. Ал, ағымдағы жылы түскен өтінімдерге сәйкес 517 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне қаржы қаралып отыр.

Әлеуметтік қолдау шараларына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие беру жатады,- дейді басқармасы басшысының орынбасары Фарида Аббасова.

Жиында әрбір айтылған ұсыныс жеке-жеке талқыланып, жұмысты жетілдіру мақсатында жасалатын Жол картасына енетін болды. Сонымен қатар комиссиясының екінші жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!