«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың уәкілетті орган қалыптастыратын тізімі Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі болып табылады. Тіркелімге енгізілмеген тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуына жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныныңауыз су беру және су бұру жүйесін пайдалану қызмет түрлерін жүзеге асыру әрекетіне қатысты 06.05.2025 жылғы №02-12-284 жолданымы негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысына сәйкес Кәсіпорын Тіркелімге енгізу туралы өтінішпен Департаментке жүгінбей табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті көрсетті және тұтынушылардан сумен жабдықтау қызметі үшін 6,5 млн. теңге көлемінде және су бұру қызметі үшін 1,2 млн. теңге көлемінде кіріс түсірген, осылайша Кәсіпорын Заңның 11-бабының талаптарын сақтамаған.
Нәтижесінде, Кәсіпорынға қатысты әкімшілік іс қозғалып, бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Осы ретте, Кәсіпорынның өтініш хатына сәйкес Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 683-бабының 4-бөлігіне сәйкес Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 27.03.2026 жылғы №4359-25-00-3/5353 қаулысымен Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасы164-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, су бұру қызметі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс сомасы 1,2 млн. теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қазіргі кезде салынған айыппұл Департаментпен толығымен өндірілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!