Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
KAZINFORM — 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5442,9 мың болды. Мұндай мәліметті ұлттық статбюро таратты.
Оның ішінде:
88% — жеңіл автомобильдер
9,9% — жүк автомобильдері
2,1% — автобустар
Былтыр автокөлік бойынша 1 191,3 мың тіркеу жүргізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп.
2024 жылғы сәуірде есепке 157,9 мың автокөлік қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% кем.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер 8,6%-ға азайды, жүк автомобильдері 2,9% кемісе, автобустар 15,3%-ға артқан.
Қазақстан автопаркінің көліктің шыққан жылы бойынша көрінісі:
20 жылдан асқан — 44,8%
10-нан 20 жылға дейін — 23,6%
7-дан 10 жылға дейін — 12,7%
3-тен 7 жылға дейін — 12,7%
3 жылға дейін — 6,2%
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!