Фото: BAQ.KZ – архив

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мерекені тойлау 14 наурыз – Көрісу күнінен басталып, 23 наурызға дейін жалғасады. Әр күн әртүрлі тақырыпта аталып өтеді.

14 Наурыз – Көрісу күні. Амал мерекесі деп аталады. Бұл еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық аймақтарда тойлау ұсынылды. 15 Наурыз – Қайырымдылық күні етіп белгіленді. Қоғамға қайырымдылық мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қолұшын беру құндылықтарын қалыптастыруымыз қажет. 16 Наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтеді. Мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылған. 17 Наурыз – Шаңырақ күні белгіленді. Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнеге-ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған іс-шаралар өтеді. Ақсақалдарымыз жас отбасыларға бата береді. 18 Наурыз – Ұлттық киім күні белгіленді. Еліміздің барлық өңірінде ұлтық киімімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар жоспарланған. 19 Наурыз – Жаңару күні көктемг іағаш егу дәстүрімен жалғасады. 20 Наурыз – Ұлттық спорт күні еліміздің барлық аймақтарында түрлі ұлттық спорттан жарыстар ұйымдастырылады. 21 наурыз – Ынтымақ күні жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау. 22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады, – деді Сәбит Барлыбаев.

Одан бөлек, 14-23 наурыз аралығында «Наурыз-базарлық» маусымы жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар акциясын ұйымдастыру жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!