Елімізде зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жыл басынан бері республика бюджетінен 616,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген.

«2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз», – деп хабарлады ведомстводан.

2023 жылы Қазақстанда мемлекеттік зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңгені құрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!