Қазнетте Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында жаңбырдан пайда болған шалшықта жатқан екі ер адамның видеосы тарап жатыр. Роликке «Кредитсіз, ипотекасыз және жалдау ақысынсыз өмір» деген ирониялық жазба қалдырылған. Алайда видео кейіпкерлері үшін бұл оқиға қамауға алумен аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео полицияның назарын аударды

Кадрлардан ер адамдардың шалшық судың ішінде ішімдік ішіп, аяқтарымен балаларға қарай су шашыратқанын көруге болады.

Астанада шалшықта шомылғандардың әрекеті қалай аяқталды?Видеодан алынған кадр

Полицейлер тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысушыларды анықтады. Олар 37 жастағы А. С. және 35 жастағы В. Л. есімді азаматтар болып шықты. Екі ер адам да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астанада шалшықта шомылғандардың әрекеті қалай аяқталды?Видеодан алынған кадр

Сот шешімімен А. С. 25 тәулікке, ал В. Л. 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін баса айтты. Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналадағылардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзбауға шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!