Естеріңізге сала кетейік, былтыр 25 мамырда Алматыда «Ирина Кайратовна» мен Shiza концертінде топ мүшелері туға құрмет көрсетпей, сахнада балағат сөздер айтқан болатын.

Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Baq.kz.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды жауапқа тарту қатаңдатылғанын айтты. Сөзінше, айыппұл көлемі 3 000 АЕК.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке (1 АЕК – 2023 жылы 3 450 теңге) ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді, – деп айтты Дәуешов.

2023 жылдан бастап 1 АЕК 3 450 теңге, демек 3 000 АЕК 10 350 000 теңге болады.

Оның сөзінше, былтыр, яғни 2022 жылы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өттік. Елімізде атаулы мерекеге орай 500 мыңнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылы 4 маусымда республика бойынша сағат 10:00-де Мемлекеттік Әнұран орындалды, Мемлекет басшысының қатысуымен ең биік Туды көтеру іс-шарасы өтті.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 25 мамырда Алматыда «Ирина Кайратовна» мен Shiza концертінде топ мүшелері туға құрмет көрсетпей, сахнада балағат сөздер айтқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!