Мамыр айының басында әскерге шақырту алған Талғат Айтмұханов 25744 әскери бөліміне қызметке жіберіліп, төрт күннен соң психологиялық аутықуларға тап болған еді. Бір аптадан кейін жігіт туыстарына қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада Ақтау” порталына сілтеме жасап.

“Ол ешкімді танымайды. Қайда екенін, не істеп жүргенін білмейді. Әкесін көргенде еш әрекет жасамады. Оған әскерге барғаны, туған жері болғаны маңызды емес сияқты. Бірақ үйі мен отбасын білмесе де, тегі мен жасын есте сақтаған”, – дейді сарбаздың туысы Қайрат Нәсібаев.

Магниттік-резонанстық томографияға жүргізілген тексеруде ауытқулар анықталмаған. Денесінен жарақаттар табылмаған.

25744 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ренат Шәріповтің айтуынша, 11 мамырда Талғат әскерге шақыру учаскесіне келіп, туған-туыстарына қызмет ететін орны туралы хабарланған.

Медициналық тексеруден сәтті өтіп, денсаулық жағдайына шағымдары болмаған. Қазір әскер  полиция оқиғаның мән-жайын айнықтап жатыр.

Бұған дейін Талғаттың әскерде есін білмей аутқумен жүргенін хабарланған болатын. Алайда алты күннен соң оны үйіне қайтарды.