Бұл мәселемен поляк дәрігері Станислав Гурски көп жылдардан бері ғылыми түрде айналысып келеді. Ол: «Есірткінің шығу тарихы тереңде. Көне заманның шығармаларына көз жүгіртсең, ара-кідік есірткі пайдаланушылар жайында да айтады. Ондай мысалдары Гомердің «Одиссейінен» және үнді халқының әлімсақтағы жазбаларынан көруге болады. Сол кезде-ақ адамдар оны жүйелі түрде пайдаланып, әрбірден соң тұрақты дәстүріне айналдырған. Ежелден есірткінің «алтын үшбұрышы» аталған Тай елі, Бирма, Лауоста әлі күнге дейін пайдаланудың ескілікті дәстүрі сақталуда. Сондай-ақ Жапония, Қытай, Түркия, Үндістан және бірқатар Араб елдерінде бұрыннан ақ бар. Ал Еуропа елдерінде бұл негізінен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп тарады. Әуелі оны денедегі ауру азабын уақытша болса да басу үшін, тозған жүйкені сабырға түсіру үшін дәрі ретінде қолданса, алпысыншы жылдардан кейін мүлдем басқаша сипат алды. Жастар уақытша болса да рахат сезімге бөлену үшін пайдалана бастады. Есірткінің барлық түрлерін жеткіншектердің жаппай пайдалануы әуелі Америкада, содан соң Еуропада кең өріс алды». – дейді.

Кейбіреулер Колумбия мен Ауғаныстанды есірткінің отанына байлайды. Олар есірткі сатып, пайда табуды әлемдік бизнеске айналдырған дейді. Алайда біз оларды жөн-жозықсыз қоштап, есірткінің ошағы соларда деп, пәледен ат тонымызды алып қашып, бар кінәні біреуге арта салғаннан не ұтамыз? Жамбыл облысындағы Шу өңірі жаман атымен әлемге танылып отыр. Шу қарасорасынан жасырын түрде есірткі өндіріп, жастардың санасын улап, денсаулықтарын бұзып, жарымжан етіп жатқандарды қалай атап кетуге болмайды? Тәуелсіз телеарналардың бірі Солтүстік облыстардың біріндегі шағын бір ауылдың 80 пайыз тұрғыны есірткі пайдаланатынын хабарлаған.

Нашақорлық немесе ақ өлім деп аталып кеткен бұл дерт жегі құрттай қоғамды іштей кеміріп барады. Қазіргі таңда бұл дертке қарсы тұру ұлттық деңгейге көтерілді. Өйткені, есірткіге әуесқойлардың саны жылдан жылға артып келе жатқандығын мұқият зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ал Сонымен қатар, мұндай зерттеулер жүргізілген нашақорлықтың медика әлеуметтік мәселелерін зерттейтін республикалық ғылыми-практикалық орталығының ақпараты тіпті басқаша болып қалыптасып отыр. Олардың жас мөлшері 17 мен 26 жас аралығында екенін қаперге алар болсақ, онда жалғыз Қазақстанның сыртқы фактормен жалғыз күресуге шамасы жетпесі айдай анық.

Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!