Шиелі ауданының 50 жастағы тұрғыны 7 дана газет қиындысына оралған есірткіні 30 000 теңгеге сату кезінде ұсталды.
Тағайындалған сараптаманың қорытындысына сәйкес ерекше иісі бар өсімдік тәріздес заттар жалпы салмағы 15,74 грамм «кептірілген марихуана» болып шықты.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына тінту тергеу әрекетін жүргізу барысында үйінен 6 дана газет қиындысына оралған және 1 дана сіріңке қорабына салынған өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік тәріздес заттар, одан бөлек гаражынан есірткі тұтынуға арналған 2 дана құрылғы табылды.
Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!