Қызылорда ОПД  ЕҚҚІҚБ

                                                                            тарапынан жарияланған байқауға

Есірткі –  қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Оның қандай кереметі бар екен?! Барлығы осыған тәуелді болатындай. Тұңғыш Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол – әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз.

Мен есірткі жайлы толық білмеймін, себебі мен ол туралы тек қана теледидардан, мектептегі сынып сағаттардан, газет-журналдардан естіп, көріп білдім. Мен оның соншалықты қасіретті дерт екенін ата-анамнан, мұғалімдерден естігеннен соң ба, тіпті ол туралы ойлағым да естігімде келмейді.                                                                            

Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір  адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адам еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны көп. Есірткі бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін,  мінез-құлқын  бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Ал есірткінің қармағына іліккен адам одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық  дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп, денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді.

Осы мақаланы жазу барысында есірткі жайлы мағлұматтар іздестірдім. Есірткінің таралуы  ХІХ  ғасырда кеңінен  таралыпты. Ол үшін Англия мен Қытай  арасында соғыс та болған. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады екен

Менің жасым 14-те. Қарапайым мектепте оқимын. Әртүрлі үйірмелерге, байқауларға қатысамын. Бос уақытымда музыка тыңдаймын, сурет саламын және Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын оқығанды ұнатамын. Маған өзімнің және жақындарымның өмірі қымбат, сондықтан мен бар күш жігерімді есірткіге қарсы тұруға арнаймын. Өмірімнің әр минутына қуанамын. Мектебімізде есірткіге байланысты  көптеген шаралар өткізіледі. Мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Артур Шопенгауэр: «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деген екен.  «Денсаулық – зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ата – бабамыз. Өмірімізді ұзартуда, қысқартуда өз қолымызда.

Нашақорлықты басқаша «Мидың қатерлі ісігі»  десек те болады. Егер ол асқынып кетсе дағдарысқа ұшырайды. Ондай дертке шалдыққан адам болашағына есеп бере алмайды. Мақсаты тек біреу ғана – «Қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам?» – деп, есірткіні ғана ойлаумен болады. 

Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өскен. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Сүйікті сусыны – дертке дауа, жанға шипа қымыз ішкен. Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол – оңай алдырар жау емес. Есірткі бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан ЖҚТБ секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірініші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатты өмір бойы іздеумен өтеді. Нашақор тамырға енгізеді. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.

Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған  індет. Дәл  қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Адам баласының жаман әдеттен аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың  қолынан келеді. Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты  өмір салтын ұстанайық» деп қорытындылағым келеді.

Достар, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу біздің қолымызда. Біз –елімізді  сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ  жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбінде батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат  еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, бірге көкке көтерейік!

#есірткігеқарсыбайқауы

Қызылорда облысы,         

Бірлік ауылы       

№102 мектеп

9-сынып

 Тілеген ЕРАСЫЛ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!