Құрметті жас дос!

Адамның сана-сезімі мен болмыс-бітімін қалыптастырушы – өскен орта. Айналаны жақсы жанға толтырып, білімді азаматтармен дос болу арқылы келешек жарқын өмірдің іргетасын қалауға мүмкіндік бар. Ал егер араласатын орта жаман әдетке үйір болса, сені қоршаған адамдар жағымсыз әрекетті дағдыға айналдырса, тұлғалық даму қиынға соғады. Әсіресе, ғасыр дертіне айналған есірткінің шырмауына түскен жастардың өмірге қайта биімделуі оңайға соқпайтыны белгілі. Сондықтан өз тарапымнан замандас достарға үндеу тастауды жөн санадым.

Есірткі – адамзаттың қас жауы. Қазіргі таңда Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша індетпен күрес қарқынды жүруде. Түрлі шара ұйымдастырылып, мәселені шешу жолын саралау қолға алынды.

Жастар да аталған бағытқа үлес қосып, қоғамды оң өзгеріске бастауы шарт. Әрбіріміз заңсыздықтың жолын кесу арқылы жан-жағымыздағы азаматтардың келешегіне әсер етуге мүмкіндігіміз бар. Сонда сұлулық пен мейірімге құрылған қоғамды қалыптастыруға, адамгершілік құндылығын дәріптеуге қол жетеді. Сол себепті есірткіге «жоқ!» деп айтып, өзіңді және қоғамды сақтауға үлес қос.

Алтынбек Мейіржан Азаматұлы,

И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!