«Жөлек» ауылдық мәдениет үйінде Жөлек ауылдық округі әкімінің қолдауымен, «Жөлек» ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ғажайыпқа толы-Жаңа жыл» атты жаңа жылдық шыршаның ашылу салтанаты болып өтті.

Өнердің киесі Алланың назары түскен адамға ғана қонады. Халық өз қалаулыларын тауып, танып алады, қадірлеп, көз алдынан таса қылмай, өнерлеріне, сүйсініп, тілеулес болып отырады. Осыған орай ауылымыздағы барша өнерлі жастар жыл бойы өткен барлық іс- шараларын қорытындылап ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жаңа жылдық кешті Шиелі ауданы әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлы арнайы келіп шыршамызды жағып берді. Ауданымыздың өсіп өркендеуіне өзіндік үлесіні қосып жүрген азаматтар келіп, игі шарамызға демеушілік жасаған, ел үшін еселі еңбек етіп жүрген ауылымыздың тумасы, кәсіпкер, аудандық мәлсихат депутаты Сәулебеков Қанат Тасболатұлына алғыстарын білдірді. Ауыл қариялары «Жөлек» ауылдық мәдениет үйінің басшысы болып сайланған Рахметов Еркінбек Қобланбекұлына жаңа қызметіне сәттілік тілеп батасын берді. Үйірме мүшелері көрермен қауымға көркем көрініс, шалқыған шаттық ән мен күй, мың бұралған әсем билерімен тояттамас көңіл сыйлады. Кеш соңы мерекелік от шашуға ұласты…

Қазіргі таңда «Жөлек»  ауылдық мәдениет үйі жанынан құралған
4 үйірме жұмыс жасайды. Ауыл зейнеткерлерінен құралған «Ардагерлер» ерлер  ансамблі, «Әжелер сазы» әжелер ансамблі және жас көркемөнерпаздардан құралған Көркемсөз, ән, би, домбыра үйірмесі жұмыс жасайды.

Жаңа жыл қарсаңында қуанышымызды бөліскен, ардагер Назира Парманқұлова ұстаз-анамыздың келгені, біз үшін үлкен қуаныш болды. Мұғалім қоғамда, ауылда беделді орны бар. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан ауыл анасы. Келген қадамына құтты қадам, сәтілік тілеп, жүрек қалауымен шынайы қуаныш болған апайымды көріп, рухани байлық алдым.

Ауыл баласы бауырым Рахметов Еркінбек Қабыланбекұлы жаста болса бас болып, халықтың игі істеріне жаңа жыл кешінде ұйымдастырған қабілетіне сәттілік тілеп, бейне материалды көріп, ауылға деген сағынышым елмен қауышқандай болдым. Жаңа жылда ел амандығымен Еркінбек бауырыма сәттілік тіледім.

Шамшат Қалиқызы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!