Биыл Ұлттық халық санағы екі кезең бойынша өтеді. Қазіргі таңда, ұлттық халық санағының «Қазақстанда әркім маңызды!» атты девизі мен логотипі бекітілді. Биылғы халық санағының ерекшелігі электронды формат арқылы өткізілуінде.- Санақ екі кезеңнен тұрады. 1 маусымынан бастап Халық санағының бірінші немесе дайындық кезеңі басталды. Яғни, тұрақты тұратындар санын нақтылай отырып, тұрғын үйлердің, ғимараттардың және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау, сондай-ақ әр елді мекен үшін картографиялық материалды нақтылау. Ал 1қыркүйек пен 30 қазан аралығында екінші кезең, тұрғындарды жаппай халық санағынан өткізу жұмыстары жүргізіледі. 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында онлайн режимінде, 1-30 қазан аралығында планшет құрылғысымен, – деді облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.Қазір Ұлттық санақтың дайындық және өткізу бөліміне 29 наурызынан бастап 4 адам жұмысқа қабылданды. Халық санағының I кезеңін өткізу мақсатында 42 нұсқаушы, 24 нұсқаушы-бақылаушылар және 166 сұқбатшылар уақытша жұмысқа қабылданып, оқыту жұмыстары жүргізілді. – Бүгінде Қызылорда қаласында 10 санақ учаскелері ашылып, мектептерден кабинеттер бөлінді. I кезеңдегі сұқбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық ішкі істер департаментіне тиісті ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, санақ кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» – елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін, – деді облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.Сонымен қатар, респонденттер кез келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін Бюроның stat.gov.kz интернет-ресурсына, Бюро басшысының блогына, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!