Тоқты
Бастығыңыз көп тапсырма беріп, оның орындалуын мұқият қадағалайды. Тапсырманы жауапкершілікпен атқара біліңіз. Демалысқа көп уақыт бөліңіз.
Торпақ
Отбасылық мәселелер туындап, сіз оларға мән бермеуге тырысасыз. Алайда шыдамыңыз таусылып, оларды шешуді қолға алуды жөн санайсыз.
Егіз
Нақты бір іске қаржы салсаңыз, пайдаға кенелесіз. Бірақ ең алдымен серіктесіңіздің сенімді болуын қадағалаңыз. Күмәнді іске ақша салмаңыз.
Шаян
Керемет апта. Мақсатыңызға бір табан жақындайсыз. Достарыңыз көмек көрсетеді. Жақын туыстарыңыз сізбен мақтанады.
Арыстан
Ерлі-зайыптылар арасында өзгелерге еліктеушілік пайда болады. Бірақ көп ұзамай өзіңіздің бәрінен шаршап, қалпыңызға түсесіз.
Бикеш
Қызықты апта болмақ. Отбасы – сіздің бар байлығыңыз. Қызықты отбасылық мереке ұйымдастырасыз. Бірақ біреумен әзілдескенде абай болыңыз.
Таразы
Сүйіктіңізге деген махаббатыңыз арта түседі. Дәл қазіргі сәтте сүйікті адамыңыз моральдық және материалдық тұрғыдан қолдауды қажет етеді.
Сарышаян
Көңіл-күйіңіз құбылмалы болады. Көңілшектігіңіз ұстап, көңіліңіз босайды. Ұстамды болыңыз. Сонымен қатар қарыздардан тез арада құтылуға тырысыңыз.
Мерген
Күш-қуатыңыз азайып, иммунитетіңіз төмендейді. Соның салдарынан аздап сырқаттанып қалуыңыз да мүмкін. Дерттің алдын алу үшін спортпен шұғылданыңыз.
Тауешкі
Стратегиялық жоспар құруға қолайлы апта. Алдағы күндеріңізді жоспарлап, мақсатыңызға қарай бет аласыз. Тұралап қалған жұмыстарды аяқтайсыз.
Суқұйғыш
Егер жұмысыңыз қаржымен тығыз байланысты болса, онда аптада қызықты ұсыныстар түседі. Жаңа жұмыстан қорықпаңыз. Қайта білек сыбана кірісіңіз.
Балық
Өзіңізді жеңіл сезініп, барлық істі тез атқарасыз. Сонымен қатар жаныңыздағы жандармен де тез тіл табысасыз. Апта сіз үшін қолайлы болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!