Жалағаш aуданы әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілісте аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы, аудан бойынша құрылыс саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер және аудан бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Күн тіртібіне сәйкес аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы бірқатар тапсырмалар берді.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, кент және ауылдық округі әкімдеріне жыл аяғына дейін жүзеге асырылуы жоспарланған жобалардың толық іске қосу қажеттігін жеткізді. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту бағытында несие немесе грант алу көрсеткіштерінің орындалуын, әр ауылдық округтен «Ауыл Аманаты» жобасы аясында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын» дамытуға арналған кемінде 3 жобадан ұсынылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдап, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде оқыған азаматтарға талдау жасап, олардың қаржылай қолдау шараларына қол жеткізуін, жұмыспен қамтылуын және өз кәсібін бастауын қадағалау керектігін айтты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша айтылған тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Арнұр Әлібекұлының іс сапарда болуына байланысты Әліби Қодарұлына жүктелді.
Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылға бюджеттен 5,3 млрд. теңге бөлініп, 36 жоба іске асырылып жатқанын айтқан Асқарбек Темірбекұлы, 36 жобаның ішінде 9 жоба аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы жүргізілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ күн тәртібінде қаралған мәселеге байланысты бірқатар тапсырмалар беріледі.
Ең алдымен аудан әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандардың мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Құрылысы аяқталмаған нысандарға сараптама жүргізіп, нақты шешімдер қабылданатын болады. Жеке инвестиция есебінен салынуы жоспарланған тұрғын үй немесе нысандардың эскиздік жобасы заңдылыққа сәйкес жүргізу ескертілді. Кент келбетіне кері әсерін тигізіп тұрған жеке меншік және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру мақсатында меншік иелерімен заңдылықтарға сәйкес тиісті жұмыстарды жүргізу қажеттігі айтылды.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау, үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Байнахатов Әліби Қодарұлына жүктелді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша келесі тапсырмалар берілді. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес елді мекен ішіндегі қоқыстарды арнайы белгіленген орындарға шығару жұмыстарын дер кезінде ұйымдастырлатын болады.
Кент орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында жиналған күл-қоқыстармен тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленген орындарға шығарып, сол аумақты ретке келтіруді қамтамасыз етіледі. Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, көше бойына немесе кенттің шеткі аймақтарына бей-берекет күл қоқыс тастаған азаматтарды анықтап, оларға заңға сәйкес айыппұл салу жұмыстарын жүргізіледі.
Аудан бойынша Кәсіпкерлік нысандарының, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының, спорт мектептері мен мәдениет үйлерінің өз аумақтарына тазалық жұмыстарын жүргізумен қатар ғимараттардың қасбеттерін жаңарту жұмыстарының жүргізілуін қатаң бақылауға алуды тапсырылды. Бүгін аппараттық мәжілісте аудан әкімі Асқарбек Есжановтың берілген тапсырмалардың уақытылы және тиянақты орындау қажеттігін ескертіп, сала бойынша жауапты орынбасарларға хаттамалық тапсырмаларды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!