Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға хантавирус инфекциясының таралуына байланысты арнайы ескерту жасады, деп хабарлайды деп хабарлайды Qaz365.kz.
Дәрігерлер қауіпті дерттің адамға негізінен кеміргіштер немесе олардың бөліністерімен жанасу арқылы жұғатынын еске салып, саяхат кезінде барынша сақ болуға шақырды.
Ведомство мәліметінше, вирус адам ағзасына шаң, лас су мен тамақ немесе кеміргіштің шағуы арқылы түсуі мүмкін. Осыған байланысты мамандар шетелде көшедегі бейберекет сауда орындарынан тамақтанбауды, азық-түлікті жабық ыдыста сақтауды және гигиена талаптарын қатаң сақтауды ұсынады. Егер сапардан оралған соң 1–8 апта ішінде дене қызуы көтеріліп, бұлшықет ауруы немесе ентігу пайда болса, науқас дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге шетелде болғанын міндетті түрде хабарлауы қажет.
Еске салайық, мамыр айының басында MV Hondius круиздік лайнерінде хантавирус ошағы тіркеліп, салдарынан үш адам көз жұмған болатын. Қазіргі уақытта әлем елдерінің билігі кемеден Әулие Елена аралына түсіп қалған 40 шақты жолаушыны және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды іздестіріп жатыр. Қазақстандық эпидемиологтар бұл вирустың қауіпті ANDV штаммы еліміздің аумағында таралмағанын нақтылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
