Фото: ҚазАвтоЖол
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ «Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолының 8–22 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына 2026 жылғы 15 маусымға дейін уақытша шектеу енгізілетінін хабарлайды, – деп мәлімдейді KAZINFORM.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде Қарағанды бағытына қатынайтын көлік құралдарының қозғалысы уақытша ұйымдастырылған айналма маршрут арқылы жүзеге асырылады.
-Атап айтқанда, жүргізушілер Қостанай, Көкшетау, Қосшы және Қарағанды бағыттары арқылы жүре алады. Жұмыс жүргізілетін учаскеде уақытша жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылды. Осыған байланысты жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін ұстануды және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз,-делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!