Маңғыстау облысының тұрғындары Каспий жағалауынан итбалық пен бекіре балықтарының өлекселерін тапты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өлекселерді жергілікті әуесқой балықшы Форт-Шевченко маңындағы жағалауға демалуға барғанда тауып алған.

Видеода ол итбалықтар, кефалдар, бекіре және басқа да балықтардың қаңқасы жағалауда шашылып жатқанын айтты. Кей жерлерде үш-бес өлексе жатқан. Өлекселердің арасында тіпті итбалықтардың күшіктері де бар.

«Уақыт өте келе құм басқан тағы қанша өлексе бар!? Мен мұны бірінші рет көріп тұрмын! Бұл жерді экологтардың толық тексеруі керек екені анық!» – деп шағымданды видео авторы.

Журналистер Маңғыстау облысының Экология департаментіне экологиялық ахуал бойынша сауал жолдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!