Астанада кәмелет жасына толмаған баласын көліктің руліне отырғызған тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жас баланың көлік жүргізіп келе жатып басқа көлікті қаға жаздаған видеосы тарады.

Осы факті бойынша полицейлер 45 жастағы көлік иесін анықтады.

Ол ҚР ӘҚБтК 612-бабының 5-бөлігі (құжаты жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана тұрғынына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!