Маңғыстау облысында үш баланың анасы Жания Абдуллаева үш айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Жания Абдуллаева 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы үйінен шығып кеткен. Кейін әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау бағытындағы пойызға билет сатып алғаны белгілі болды. 

Туыстары Жанияны іздеуде көмектесу үшін құқық қорғау органдары мен ел тұрғындарына жүгінген. Алайда бүгінгі таңға дейін іздеу жұмыстары еш нәтиже бермепті. 

2 қаңтарда Жания 28 жас толды. Үйде оны үш баласы күтіп отыр. 

Жания Абдуллаеваның қазіргі мекенжайы туралы білетін адамдардан келесі нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе 102.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!