Маңғыстауда ҚТЖ қызметкерлері ереуіл жариялады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
«2022 жылдың 1 тамызында Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері ереуіл жариялады», – делінген дүйсенбідегі хабарламада.
Бастамашыл топ жалақыны 100%-ға көтеру туралы талаптарын қойған. Алайда компания қаржылық қаражатының жоқтығынан орындай алмайды.
Бұған дейін, ақпан айынан бастап Компания ПЧ-12 (Бейнеу жол дистанциясы) мәселелерін шешумен айналысуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында татуластыру комиссиясы құрылып, оның шеңберінде қызметкерлердің бірқатар заңды талаптарын қанағаттандыру бойынша шаралар қабылданды.
Теміржол штаттық режимде жұмыс жасап тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!