Отандық әнші Мақпал Исабекова бала асырап алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі оқырманның: “Балалар үйінен сәби асырап алар ма едіңіз?” деген сауалына: “Иә, бұл туралы көптен бері ойланып жүрмін. Күйеуім бұл ойымды қолдайды”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ, ол ұлы Теодордың болашақта қай дінді қабылдайтынын өзі шешетінін айтты.

“Дінді адам жаны неден тыныштық табатынын түсіне бастағанда өзі таңдайды. Оған басқаның араласуын күштеу деп білемін. Мен балама сенім туралы, Жаратқан мен оның махаббаты туралы айтамын. Барынша жақсы адам қылып тәрбиелеуге тырысамын”, – деп жазды Мақпал Исабекова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!