ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі Мейрамбек Төлепберген Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Негізгі мақсаты этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«Кеше Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылына барып, Цай Ден Хак атындағы мұражайды араладық, ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездестік. Сонымен қатар, «Достық жер МК» ЖШС-нің қырман жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездестік. Ел тұрақты, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сыр өңірі қашанда ұлттар достығының жаршысы. Тағдыр қосқан ұлттар Қазақстан деген тәуелсіз мемлекеттің азаматтары. Олар біздің ағайынымыз, бауырымыз, достарымыз. Елбасымыздың саяси тұрақтылықты сақтау саясатын насихаттау біздің басты мақсатымыз», – деді Мейрамбек Төлепберген.

Ал, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек бірлікті, достықты дәріптеу мақсатында атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

«Бүгінде 160 азамат осы елдің төл перзенттері болып кеткен. Барлығымыздың да мүддеміз елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтап, ұлттар достығын дәріптеу. Біздің бірлестік барлық шараларда белсенді ат салысып келеді», – деді Ирина Шек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!