Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Жанболат Аупбаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында жазды.


«Сізді ұлттық журналистиканың көшін өрге сүйреп келе жатқан қабырғалы қаламгер деп білеміз. Қалың жұртшылық Өзіңізді қазақ баспасөзінің алыптар шоғырымен қызметтес болған, көсемсөздің қыры мен сырын бойына сіңірген журналист ретінде құрметтейді. Еңбек жолында «Лениншіл жас», «Халық кеңесі», «Ақиқат», «Егемен Қазақстан» сияқты еліміздегі беделді басылымдарда жемісті қызмет етіп, кәсіби журналист ретінде қазақ баспасөзін дамыту үшін аянбай тер төктіңіз. Сіздің қаламыңыздан шыққан зерттеу еңбектеріңіз, танымдық, публицистикалық мақалаларыңыз бен очерктеріңіз оқырман қауымның ықыласына бөленді. Ұзақ жыл бойы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарып, Қазақстанның бас басылымын қазіргі заманға сай жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз», делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!