#есірткігеқарсы #противнаркотик

Есірткімен қазір бүкіл әлем болып күресудеміз. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Есірткі – бұл адамның көңіл –күйін,сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық затекенін білеміз . Қазіргі қоғам дертінің бірі – есірткіге әуестік. . Есірткі бұл денсаулықты құртып қана қоймай, адам санасының улануына алып келеді. Нашақорлық – бүкіл қоғамның дерті.

Есірткі қолдану ол тек бір адамды ғана құртып қоймайды, болашақ ұрпағына да, оның денсаулығына да зиянын тигізеді. Жастар есірткі арқылы барлығын ұмытып кетемін, ләззат аламын деп ойлайды. Жастардың көп есірткі қолдануы стресстен пайда болады дейді.Бұл тұжырым дұрыс емес,адам өз -өзін осылай алдайды. Есірткі адамды өзіне тәуелді етіп алады. Адамның психикалық ауытқуын тудыратын, түрлі қатерлі ауруларды тудыратын осы есірткі. Бұл, тіпті, адам өліміне дейін алып барады. Әрбір отбасы жас ұрпақ тәрбиелеп отырғандықтан, ұрпақтарына есірткінің зиянын, оны қолданғанда қандай ауруға алып баратынын тәрбие беріп түсіндіруіміз керек.

Ағашқа таза су құйып, зиянкестерден тазалап тұрса, ол үлкен болып өсіп, өз жемісін береді. Дәл солай ата-ана да балаға тәрбие беріп, зиянды әрекеттерді ойларынан тазалап отыруымыз қажет. Сонда ғана дені сау ұрпақтың пайда болуына себепші болады. Сол дені сау ұрпақ әрбір араласқан адамына жағымды, пайдалы ақпаратпен бөлісе білсе, тағы да бір адам есірткінің зияны туралы ой түйетін болады.32 тістен шыққан 32 рулы елге тарайды. Сол айтқан сөздерімізде есірткісіз өмір ғажайып екенін айтсақ, әрбір болашақ ұрпақтың дені сау, салауатты болып қалыптасуына себепші боламыз.Өзімізге сау берілген 12 мүшемізді бағалай білуіміз керек.

Қоғамда қаншама жастарымыз осы есірткі қолданамын деп өз өмірлеріне балта шауып жатыр.. Менің ойымша, есірткіге қарсы шаралар көп жүргізілуі керек.Себебі, адамның санасына ой салу үшін видеороликтер көрсетіп, есірткінің қандай зияны бар екенін айтса, жағдай тағы да біршама жақсарар еді.Тек қана сөйлеп қоймай, практикалық тұрғыдан көптеген жұмыстар жасауымыз керек.

Есірткі тасымалдайтын адамдарды да заң жүзінде қатал жазалау қажет. Тәрбие тал бесіктен басталады. Сөздің ең басында отбасы тұрады. Сол себептен әрқашан ең алдымен балаға жақын адам ата-анасы болғандықтан, денсаулықтың маңызын айтуымыщ керек. Есірткісіз өмір – бұл өте керемет, ғажайып өмір!

Қорытындылай келе, есірткі бұл жәй ғана аз уақыттық ләззат. Бұл өмірде есірткісіз де маңызды дүниелер жетерлік.Сол дүниелердің, отбасының, достармыз бен ең бастысы денсаулығымыздың қадірін білейік. Болашақ – біздің қолымызда. Елдің ертеңі – салауатты, білімді, бәсекеге қабілетті жастар.

Диана Нұрхан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!