«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

         «Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін, жағымсыз әрекет – ол нашақорлық» деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей әрбір елдің болашағы – халқының денінің сау болуына байланысты. Біздің болашағымыз – ол біздің денсаулығымызға байланысты. Жалпы денсаулық дегеніміз – адамның жанының саулығы деп айта аламын. Денсаулығының жақсы болғанын қаламайтын адам жоқ шығар, сірә?! Әрбір адамның денсаулығы – өзінің қолында. Қазіргі таңда елімізде есірткі тұтынатын жастардың  көбейіп бара жатқаны барлығымызға мәлім. Қазіргі таңда нашақорлық ол бүкіл қоғам мәселесі деп айта аламын. Себебі барлық мемлекетте белең алып тұрған мәселе –  есірткі. Негізінен есірткі қолданушылардың басым бөлігі оқушылар болып табылады. Жасөспірімдердің басым көпшілігі еліктегіш келгендіктен, көбіне мектеп оқущылары есірткі тұтынады. Жалпы есірткінің зиянына келер болсақ, есірткі адам миын улайтын зиянды шөп дәрі. Елімізде есірткі салдарынан көптеген қылмыстар белең алып жатыр. Атап айтсақ: зорлық-зомбылық, парақорлық, суицид және тағы басқа. Қазіргі таңда барлық мемлекетте есірткі сатуға ,тасымалдауға,тұтынуға қатаң  тыйым салынып отыр. Соған қарамастан жасырып тасымалдайтын, саудаға айналдырған адамдар да бар. Мектепте, колледжде, университтеттерде әлі күнге есірткі зияны туралы тренингтер жүргізіліп отырады. Есірткімен күресу – бүкіл қоғам болып атқаратын міндеттемелердің бірі. Сол себепті онымен күресу, салауатты өмір салтын ұстану – адамды келешекке жетелейтін ұстанымның бірі. «Дені саудың – жаны сау» демекші, болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыруымыз керек. Ол үшін біз зиянды нәрселерден аулақ болып жеке бас және қоғамдың тазалықтың сақталуын қадағалауымыз қажет. Тәуелсіз еліміздің болашақ жас ұрпақтарының денінің саулығы мықты болса, сонда ғана еліміз биік шыңдардан көрінеді. Дені сау,сауатты жастармыз көбейеді. «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» барлық зиянды әдеттерден аулақ болайық! Тәуелсіз мемлекетімізге сай салмақты, сабырлы, жат қылық көрсетпей, білімді ұрпақ болып өсе берейік! Бізге қымбат бағалы дүние – денсаулығымыз, отбасымыз екенін естен шығармағанымыз жөн. Есірткімен өміріміздің бүлінуіне жол бермейік! Өміріміздің жақсы  болып өтуі – өзіміздің қолымызда! Болашақ Қазақстанның жайнауы, көркеюі, дамуы – мына біздің, жастардың қолында. Еліміздің даму жолында өз үлесімізді қосайық! Болашақ жас ұрпақ, зиянды әдеттен аулақ болуға шақырамын!

Тозақтың отындайын тұтанатын,

Жоғалтатын адамның парасатын.

Есірткі-жауың болар тура жолда,

Көп екен жастарыңнан адасатын.

Байлықтың әуелгісі-иман екен,

Екіншісі денсаулық тұрса деп ем.

Жолама есірткінің ащы иісіне,

Ғылым ізде оданша ойы терең.

Деген екі шумақ өлеңіммен қортындылағым келіп отыр.Болашақ жастардың қолында!

Қарақат САҚТАҒАН,

Мәншүк Мәметова атындағы

Қызылорда жоғары педагогикалық

колледжінің  студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!