Есірткі- зияны шексіз, әртүрлі  химилық  қосындыдан  пайда болған  қауіпті  зат. Есірткіні  басқаша  наркотик  депте атайды. Грек  тілінен  аударсақ  “естен  айырылу ” деген  мағынаны білдіреді. Мұны  қолданған  адам  баласы  есінен  естүссіз  айырылатын  қауіпі  бар. Ол  ғана  емес, адам  баласының  ішкі   құрылыстарына  дейін  зиянын  тигізеді. Есірткінің  қанша  түрі  бар? Олардың  адам  баласына  зияны қандай?

Есірткінің  ең  көп  тараған  бес  түрі  бар. Олар: токсимания, марихуана, героин, кокаин, экстази. Ең қауіптілеріне тоқталып кетсек.

 Марихуана, ресми  атауы  коннабис – көнешөптен  алынатын  психоактивті  есірткілік  зат. Көнешөптің  құрамында  483-дей  химиялық  қосындылар бар.. Мұны  қолданған  адамда  жарты  сағат  немесе  бір  сағаттың  ішінде  өзгеріс  пайда  болады. Мысалы, аз  уақытқа  мидың  дұрыс  жасамауы, көздің  қызаруы, құрғақ ауыз қуысына дейін алып келіп соғады.

         Кокаин – кокаин бұталарының  жапырақтарында  болатын  алкалойд. Көбінесе  медицинада  қолданылады. Есірткілік  қасиеті бар. Кокаин жүйке  жүйесіне  өте  күшті  ынталандырушы  әсер  етеді. Әдетте мұны  қолданған  адам баласына  он бес немесе жарты сағаттың ішінде әсер етеді. Мұны  қолданған адамдар  өздерінің не істеп не қойғанын білмей қалады. Мысалы, жұмыстан шығып кету,отбасынан айрылып қалу ,ортасынан,достарынан айырылып қалу деген сияқты. Соңында адам баласын өлімге алып келу қаупі бар.

Уақытыңның  босқа  кеткені,

Өміріңнің  бос өткені.”

Сіз келешек болашағыңызға дені сау ұрпақ қалдырғыңыз келеді ме? Онда сіз алдыға арман-мақсатыңызды қойып, талпынып, еңбектеніңіз. Сонымен қоса ,жасыңызға қарамастан,білім алыңыз.Келешек  ұрпақтың бұзылмауына,  дені сау болуына   өз үлесіңізді қосыңыз.  Жаман жолға түспей,өміріңізге шүкіршілік етіп ,ел болашағын ойлаңыз.                        

Өмірге із қалдыру

Балалықтан  басталады.

Гаухар СМАҒҰЛ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті