Менің елім,Отаным ән киелі!

Есірткіні ойласам жан күйеді.

Жаман істен аулақпыз ес білгелі,

Өнегелі халқым бар, тәрбиелі.

Текті халқым,Текті жас,Текті өренім!

Алауыртқан заманға өкпелі едім.

Тәуелсіз ел болғанмен есірткіге,

Тәуелді боп кей адам дөп келетін

Жастарым, айтарым бар көпке менің,

Есірткіге қарсылық көктемі едім.

Зиянкестен аулақ бол көз байлаған,

Біз қазақпыз, тәрбие төккен елім!

Әке болып уайымға түспеп едім,

Ана болып жасымды төкпеп едім.

Жүрегіңе ар-иман сиядыма?

Ерік беріп жіберсең қиялыңа.

Ескертумен жолама есірткіге,

Қала көрме ұшырап зиянына!

Итеріп ап кетпесін құйын ағын,

Елді ойласаң Тәңірдің сыйы қалың.

Есірткінің зиянын ескертемін,

Иман болып аулақ деп бұйырамын!

Қайран халқым ,жастарым бар айбынды,

Иманменен өсірген талай гүлді.

Есірткіден аулақ бол Отан үшін!

Халқың үшін жүресің қалай мұңды?!

Жаман әдеттерден аулақ болайықшы!

Көк жиектен атырып арай күнді.

Күш бірлікте ,Жан батыр ,Дене шорқақ,

Қас жауымыз есірткі жеңер ортақ.

Текті елімнің тамырын шаппайықшы,

Айтып жүрсін мақтанып келер ұрпақ!

Ұлықпан ЖОЛДАСОВ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ІҮ курс студенті