Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – жастардың есірткіге тәуелді болуы. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Нашақорлық – қоғамды жайлаған қауіпті дерт. Оған құмарлық – жанның да, тәннің де құлдырауы.

Есірткі жолына түскен адам өзінің барлық жақсы қасиеттерінен ада болады. Достарынан қол үзіп, отбасын жоғалтады. Өзіне және өз жақындарына бақытсыздық әкеледі. Тіпті өмірден ерте қош айтысуға тура келеді. Есірткімен айналысатын жандардың саны жылдан-жылға артуы әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой деген оймен, оған соңында қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Міне, есірткіге тәуелді болу деген осы.

Ей, замандас! Өміріңді қор ететін осы бір жаман әдеттен аулақ бол. Мен саған есірткінің қандай екенінт айтып берейін. Есірткі өміріңді қысқартады, бір дәмін татқан соң, өмір бойы соған тәуелді болып өтесің. Зиянын білсең де, қоя алмайсың. Денсаулығыңнан айырыласың. Сананы да, тәнді де улап, зақымдайды. Таңғажайып өмір әлеміне деген қызығушылығың болмайды. Нашақорлыққа үйір болма! Ол санаңды улайды, ақыр соңында қылмысқа адам бастырады. Бар жаныңды құл етеді.

  Айналаңа қарашы! Жарық сәулесін мол төгіп тұрған өмір қандай ғажап! Сол тамаша өмірде өз арманың мен қиялыңа қол жеткізуге тырыс. Пайдалы іспен айналысып, адал еңбек ет. Ал есірткіге құмар болсаң бүкіл арманыңнан қол үзесің. Сондықтан өкінішке апаратын қадамға еш уақытта барушы болма. Өмірдің барлық жақсы мүмкіндіктерінен айырылып қалмауың қажет.

                        #есірткігеқарсы,  #противнаркотиков

Алина НҰРТАЙҚЫЗЫ,

№37 мектеп-лицейдің

9 «Б» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!