Актер Артур Төлепов келіншегімен бес жас айырмашылығы бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

“Махаббат жасқа қарамайды” деп, кезінде мен де Мадинаның үлкендігіне қарамадым. Басында сіз деп сөйлесетінмін, бір күні өзі “сен” деп айтшы деді. Тәте деп үйреніп қалған кезім еді”, – деп жазды Артур. 

Актер бұл туралы өнердегі әріптесі Ғазрет Қажымұқанұлынан кеңес сұрағанын да жасырмады.

“Ақыл сұрайын деп бірде Ғазретке келдім. “Братан, жасқа қарама, онда тұрған ештеңе жоқ” деп жауап берді”, – дейді актер.

Артурдың бұл жазбасының астына келіншегі Мaдина “Туф, құпиямызды ашып қойдың ғой”, – деп пікір қалдырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!