Ақтөбеде балабақшада 2 жасар баланың басына соққы тиген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 2 жасар бала қаланың 12-шағын ауданындағы «Әмір» балабақшасына барады. Бейсенбі, желтоқсанның 8-і күні бүлдіршін балабақшадан беті көгеріп оралған. Тәрбиеші анасына баланың басын есікке соғып алғанын айтқан. Сол күні кешке Ибраһим ерте ұйықтап, түнде қатты ауырып оянған. Жұма күні анасы баласын балабақшаға апармаған. Ол мектепке дейінгі білім беру ұйымының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрмекші болып, меңгерушіге жүгінген. Алайда балабақша басшылығы видеоны «техникалық ақауларға байланысты» көрсетуден бас тартқан.

Мен егер баламның денсаулығында кінәрат жоқ болып, ауыр жарақаты жоқ екені анықталса, еш шағымсыз баламды балабақшадан шығарып алатынымды айттым. Мен бәрін түсінемін, бұл кішкентай бала, ол абайсызда құлап қалуы әбден мүмкін. Бірақ олар маған камерадағы жазбаларды көруге мүмкіндік бермей отыр. Мен ол жерде шындығында не болғанын біле алмай отырмын, – деді баланың анасы Айжан Жақсымұратова.

Бұл оқиғадан кейін Айжан күйеуі екеуі полицияға арыз жазған. Ауруханада балаға «миы шайқалған» деген диагноз қойылып, анасы мен баласы травматология бөліміне жатқызылды.

«Ауруханада жатқан кезімізде меңгеруші бізге түрлі сәлемдемелер беріп жіберетін. Бірде тіпті жылытқыш та жіберген болатын, өйткені аурухананың іші өте салқын еді. Бірақ мен оның жіберген сәлемдемелерінің бірін де ашпадым. Меңгеруші емделуімізге ақша ұсынды, бірақ мен оны да алмадым. Мен үшін ең бастысы бұл іс бойынша шындықты білу, не болғанын білгім келеді», – деді Айжан.

Балаға не болғаны белгісіз. Мен өзім де жауабын білгім келеді. Егер балабақша қызметкерлері кінәлі болып шықса, жауап беруге дайынбыз. Қазір камерадағы жазбаларды күтіп отырмыз, олар маманда, – деді «Амир» балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Нұртаева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!