Желіде 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында інісін қорғап жатқан видеосы тарап, жұртшылықты тебірентті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл видеоны өзінің Twitter парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа бөлісті.

Tribune India жазбасында жеті жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін 17 сағат бойы үй қирандыларының астында інісін қорғап қалғаны айтылған. 

Видеода оның інісін өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап тыныштандырғаны көрінеді.

Желіде: «Құдай-ау, неткен батыл қыз», «Жүрегің ауырады, жарайсың, балапан!», «Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке», – деген пікірлер жазылды.

Бұл бүлдіршіндер кейін үйінді астынан құтқарылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!