Нұр-Сұлтанда бірге тұратын әйелінің 5 жасар қызын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде елордалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен жас бала Д.-ны өлтіру фактісі бойынша К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды», – делінген ақпаратта.

Сотта азамат K.-ның алкогольді ішімдіктерді ішіп, бірге тұратын әйелдің 5 жасар қызына көптеген соққылар келтіріп, одан бала есін жимастан, қайтыс болғаны анықталған.

Алқабилер алқасы өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға толық құрамда дауыс берді.

Апелляциялық шағымда сотталған адам кінәсіздігіне сілтеме жасай отырып, үкімнің күшін жоюды сұрады.

Сот алқасының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, өйткені оның күшін жоюға негіздер анықталған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!