Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
«Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Көктемгі күн мен түннің теңелуі – бүкіл қазақстандықтар асыға күтетін және ерекше атап өтетін айтулы мереке. Халқымыздың ұлы мәдениеті, бай салт-дәстүрі көрініс тапқан Наурыз мейрамы Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстырады», – деп бастады өз құттықтауын Назарбаев.
Елбасы тәуелсіздік жылдары бұл мереке ел бірлігінің жарқын символына айналғанын атап өтті.
«Ол татулық, тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің үйлесімді дамуының іргетасы әрі зор жеңістерінің кепілі екенін айғақтайды. Біз Тәуелсіздіктің осы негізгі құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай нығайтуға тиіспіз», – деді Елбасы.
«Осы шуақты мерекеде Отанымыз – Қазақстан Республикасына шын жүректен тыныштық пен бақ-береке тілеймін. Әрдайым шаңырақтарыңыздан ырыс пен ынтымақ, игілік пен молшылық кетпесін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын», – деп түйіндеді сөзін Назарбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!