Қоғамның дамушы күші жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру маңызды. Саламатты, білімді де зейінді, тәртіпті жастарға артылар сенім мол.
Жас буынмен байланысты арттырып, жігерлендіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменттің басшысы Мақажанов Ернар Әбсейітұлы Қорқыт атындағы университеттің бір топ студенттерімен кездесті.
Еркін тақырыпта өткен ашық әңгіме алаңында құқықтану мамандығының студенттері салаға қызығушылық білдірді. Ернар Әбсейітұлы департаменттің атқаратын қызметі туралы айтты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдану үшін қандай талаптар қойылатынын жеткізді. Жастардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түсті.
Өскелең ұрпаққа өнегелі кездесу
08.02.2023
401 0
