Ақмола облысы Макинск қаласының тұрғыны босанған соң сәбиін пешке жағып жіберген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық жайт туралы полицияға Бұланды аудандық ауруханасының акушер-гинекологы мәлімдеген. 

Дәрігердің сөзінше, 26 қаңтарда 1990 жылы туған әйел кезекті тексеріс кезінде үш күн бұрын, яғни 23 қаңтарда босанғанын айтқан. 

Ол өз бетінше босанған соң баласының қозғалыссыз жатқанын көрген. Кейін үйдегі пешке сәбиді жағып жіберген, – деді басылымның дереккөзі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!