Мектеп оқушылары үшін оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.

«Оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Жыл басында ата-аналар мен балаларға оқу жылы 36 аптаға созылатынын хабарладық. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мемлекеттік білім беру стандарты мен білім беру бағдарламаларының талаптарын орындау үшін жасалған. Сондықтан, бұл мәселені қайта көтерудің қажеті жоқ. Былтыр оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, биыл 31 мамырда аяқталады, яғни 31 мамыр – соңғы оқу күні», — деді Шолпан Каринова ОКҚ-де өткен брифингіде.

Осылайша, мектеп оқушылары 1 маусымнан бастап жазғы каникулға шығады.

«Балалар жазғы демалыста үш ай, яғни 90 күн демалады. Биыл каникулдың бірінші күні халықаралық балаларды қорғау күніне сәйкес келеді. Бұл біздің балаларымыздың мерекелік көңіл-күйін көтере түседі», — дейді министрдің бірінші орынбасары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!