Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Руслан Бакировтың желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Желіге тараған аталмыш жазбада былай делінген:

«Путинге хат жазамын деген қазақ әйелі «Мемлекеттік опасыздық жасау» бабымен 15 жылға сотталуы мүмкін. 

Қазір заңгерлер ондай мүмкіндікті қарастыра бастады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 175 бабының 1-тармағы бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Осыдан біраз күн бұрын Елордадағы мектептің бірінде бірнеше әйел орыс сыныбын ашуды талап етіп, бірі ол талапқа қарсы уәж айтқан мектеп директорын «Путинге хат жазамын» деп қорқытқан болатын», деп жазды желіде. 

«Өмір бойына соттау керек», » Кетсін Россияға», «Дұрыс осылай істеу керек бұл әйелге. Украина дағы соғыс керек болып отыр ма», деп жазды оқырмандар легі.  

Естеріңізге сала кетейік, бас қаладағы аралас мектептерге байланысты депутаттар мен қоғам белсенділері, тіл жанашырлары қатысқан жиналыс өтті. Көп ұзамай оған қатысқан қазақ  әйелдің «…осы әрекетеріңді Путинге айтамын» деген сұмдық видеосы желіге тарады. 

"Путинге хат жазамын деген қазақ әйелі 15 жылға сотталуы мүмкін": Мектепте болған дау заңгерлер қарауына өткен бе?
"Путинге хат жазамын деген қазақ әйелі 15 жылға сотталуы мүмкін": Мектепте болған дау заңгерлер қарауына өткен бе?

Мәтін дереккөзі: caravan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!