Өртті жоюға Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттің шығуына себеп болған жағдайларды зерделеу үшін оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов келді.

Департамент мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 01:51-де Теміртау қаласының, Ақтау кентіндегегі (жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінен 27 шақырым жерде) 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 02:25-те жетті. 1-қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде 40 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері  келгенге дейін тұрғындар 5 адамның мәйітін (2007, 2010 ж.т. ұлдар, 1983, 1991 ж.т. әйелдер, 1991 ж.т. ерлер) кіреберістен көшеге алып шықты: зардап шеккен адамдар жоғарғы қабаттардағы пәтерлерден түтін басқан кіреберіс арқылы өз бетімен эвакуацияланбақ болған.

«Баспалдақ алаңында ашық жану болған жоқ, алайда түтіннің көп мөлшердегі концентрациясы салдарынан тұрғындар далаға шығып үлгермеген. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде барлау және жанып жатқан пәтердегі өртті сөндіру барысында 6-шы марқұмның (1977 ж.т. ер адам) денесі табылды. Үш адам әртүрлі дене жарақаттарын алған (ауырлығы орташа).Сондай-ақ өрт сөндірушілер баспалдақ пен тыныс алу аппаратының көмегімен түтін басқан пәтердің кіреберісінен 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Қабылданған шаралармен өрт 03:10-да оқшауланып, 04:00-де сөндірілді», – делінген хабарламада.

Өртті жоюға Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнында сынақ өрт зертханасының мамандары мен тергеушілер жұмыс істеуде.

Өрт фактісі бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!