Қарағандыда сауда үйінің жанынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

31 желтоқсан күні сағат 9:47-де 12 шағын ауданында «Аян» СҮ маңында 71 жастағы әйелдің мәйіті өлтіру фактісінің белгілерінсіз табылғаны туралы хабар келіп түсті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде оқиға орнынан бейне пайда болды.

«Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!