Бүгін «Қызылорда облысы жастар одақтары» жастар қоғамдық бірлестігі, «Төретам жастары» ЖҚБ және Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының біріге ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Отбасы құндылықтарын насихаттау» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге ауданның жас мамандары, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» ҚБ төрағасы Ш.Құндақбаев, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Касимова және «Төретам жастары» ЖҚБ төрағасы Г.Маханова қатысты.

Кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасындағы құндылықтар жөнінде әңгімелер қозғалып, жастардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.