Продюсер өзінің әлеуметтік желідегі парқшасында ем алып, ауруханада жатқанын жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Баян Мақсатқызы сырқаттанып тұрса да, жобаны тастап кете алмағаны айтты.

“Айтпақшы, екі жақты өкпем қабынып, ауруханада жатырмын. Кеше жобаның аяғына дейін отыра аламын ба, жоқ па деп ойландым. Байқауды соңына дейін сахнада тұрып тамашаладым, өзіммен мақтанамын”, – деп жазды продюсер.

Баян Алагөзова күйеуі Тұрсын Алагөзовпен үйленгеніне жеті жыл толғанын есіне алды.

“Екеуіміз де үйленген күнімізді ұмытып кетіппіз. Бұл қартайғанның белгісі ме? Бірге өткізген жеті жылымыз бір аптадай өте шықты. Мен өз күйеуіме әлі де ғашықпын. Сенімен бірге бақыт пен шаттыққа толы қарттықты қарсы алғым келеді”, – делінген жазбада.

Продюсердің өнердегі әріптестері мен оқырмандары жазба астына жылы лебіздерін қалдырды.

“Баяночка! Сен мықтысың! Бірақ өзіңді күт!”, “Ауырмаңыз! Тез жазылып кетіңіз! “Шойын тойларыңыз” құтты болсын”, “Алла шипасын берсін!”, “Ауырмаңыз! Бақытты болыңыздар!”, “Мықты әйелсіз, өте әдемі жұп”, “Тез сауығып кетіңіз”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!