Сенбі, 3 қыркүйек күні Қостанайдағы “Оружейная палата” дүкенінде өрт болып жатыр деген хабарламалар тарады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қостанайдағы өрт кезінде екі адам жертөледе қамалып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәл осы ғимартта спорт залдың орналасқаны айтылады. Сондай-ақ өрт кезінде екі адам жертөледе қамалып қалған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт қазірдің өзінде жақын маңдағы көлік жөндеу орталығы, асхана мен 8 жеке тұрғын үйдің шатырын жалмаған.

«Наша» газетаның жазуынша, қару-жарақ дүкенінің иесі өртеніп жатқан ғимараттың жертөлесінде 2 адам болғанын хабарлаған. Оқ-дәрілердің жарылуынан өрт сөндірушілер жақындай алмайтыны айтылады.

Қазіргі уақытта өрт орнында жеке құрамның 40 адамы мен 12 техникасы жұмыс істеуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!