Фото: Zakon.kz

2024 жылы 12 қыркүйекте ePetition.kz ресми порталда ҚР Қорғаныс министрлігіне жолданған «Мерзімді әскери қызметке шақыру жасын өзгерту туралы» петиция жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петиция авторлары әскерге шақыру жасын 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді ұсынады. 

«Біз, төменде қол қойған Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру жасын қайта қарауды және оны 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді сұраймыз», делінген петицияда.

Олардың ұсынысы келесі дәлелдерге негізделген:

  • Психологиялық және физикалық жетілу: 18 жастағы жастар Отан қорғауға жеткілікті дайын болмайды. Ал 20 жастан асқаннан кейін олар психологиялық әрі физикалық жағынан дайын болады.
  • Білім алу кезеңі: 18 жастағылардың көбісі бұл кезеңде орта арнайы білім алу сатысында болып келеді. Білім алып жатқан жасты әскерге шақыру олардың болашақ мансабы мен кәсіби өсуіне кері әсер етуі мүмкін. Өйткені әскерден оралған соң көбісі тең ортадан үзген білімін жалғастыра бермейді.
  • Әскерден қашу, құқық бұзушылық деңгейінің төмендеуі: әскерге шақыру жасының ұлғаюы армиядағы дезертирлік және басқа да құқық бұзушылықтардың санын азайтады, өйткені жетілген адамдар, әдетте үлкен жауапкершілік пен тәртіп сақтауға қабілетті. 
  • Әскери дайындық сапасын жақсарту: үлкенірек жаста әскерге шақырылғандар, әдетте ынталы және қызметке қажетті дағдыларды тезірек игергісі келіп тұрады. Бұл жеке құрамды даярлау сапасын арттырады, елдің қорғаныс қабілетіне оң әсер етеді.
  • Әскерден қашудың, әскери борышты өтеуден бас тарту деңгейінің төмендеуі: психологиялық зерттеулер көрсеткендей, ересек жаста әскерге алынатын жастардың әскерден қашуға бейім болмайды. Мұндай ықтимал жағдай көрсеткіші азаяды. Әскери борышын саналы және дайын кезде өтеу мұндай жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, петиция авторлары басқа елдердің тәжірибесін мысалға келтіреді.

«Швеция, Германия, Швейцария және Австрия елдерінде де шақыру жасы 19-20 жастан басталды. Бұл мұндай жастағы шақырылушылар физикалық және моральдық жағынан жақсырақ дайын болуымен, әскердің жауынгерлік дайындығы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізе алатындығымен байланысты. Бұл жастардың өмір сүру сапасын жақсартып, елдің қауіпсіздігін арттыру үшін әскерге шақыру жасын реформалау керектігін көрсетеді», делінген петицияда.

Петиция авторлары әскерге шақыру жасын 20-ға дейін көтеру әскери қызметтің тиімділігін жақсартып, жас азаматтардың мүдделерін қорғайтынына және Қазақстанның қорғаныс жүйесінде оң өзгерістерге әкелетіндігіне сенімді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!