Фото: Freepik

Қазақстанда ішімдікке қай өңір әуес екені белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл екінші тоқсандағы нәтиже бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ішімдік көп ішетін болып шыққан. Үштікте – Павлодар облысы және Алматы қаласы.

Ал ішімдік аз ішетін – қызылордалықтар, ақтөбеліктер мен маңғыстаулықтар болып шыққан.  

Тамыздағы деректер бойынша айлық динамика бойынша ішімдік 0,4 пайызға, ал бір жылда 9,3 пайызға қымбаттаған.

Мысалы, шарап – 0,8 пайызға, сыра – 0,5 пайызға қымбаттаса, арақ –  0,2 пайызға арзандаған. Ал жылдық деректер бойынша, шарап – 9,9 пайызға, сыра – 14,4 пайызға, ал арақ – 3,6 пайыз қымбаттаған.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!