Фото: Tengrinews.kz

2023 жылдың 12 айында республика жолдарында мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғаларының айтарлықтай өскені тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан алынған ақпаратқа сілтеме жасап.

«2023 жылдың 12 айында республика жолдарында мопедтердің қатысуымен 750 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 39 адам қаза тауып, 730 адам жарақат алды», – делінген депутаттар хабарламасында.

Былтырғы осы кезеңдегі мәліметтерді салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының айтарлықтай өскені байқалады. Нақтырақ айтсақ, жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге (113 пайызға, 352-ден 750-ге дейін), қаза болғандар саны төрт есеге (290 пайызға, 10-нан 39 адамға дейін), жараланғандар саны да екі есеге жуық өскен ( 87 пайызға, 390-нан 730 адамға дейін).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!