Фото: pixabay.com
Қазақстанда шыққанына 10 жылдан асқан көліктердің салық сомасы төмендетіледі. Бұл туралы жаңа Салық кодексінде айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жаңа кодексте қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін 50 пайызға төмендетілетіні айтылған.
Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген.
Кодексте «Сән-салтанат» заттарына жоғары салық салу жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін мыналар ұсынылған:
- жиынтық құны 450 млн. теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі;
- кедендік құны 75 млн. теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу;
- қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!